24
ҚазаҚша
•
3 минут бойы үздіксіз жұмыс істегеннен кейін
құрылғыны сөндіру қажет және 10-15 минут
бойы суыту қажет, содан кейін жұмысты
жалғастыруға болады.
•
Жұмыс істеп болғаннан кейін ауыстыр-
ғышты (11) «0» күйіне қойып, асүйлік машинені
сөндіріңіз және желі бауының ашасын
розеткадан суырыңыз, және содан кейін ғана
еттартқышты бөлшектеуге кірісіңіз.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
•
Қақпақты (14) жоғары бағытқа қарай шешіп
алыңыз.
•
Еттартқыш бастиегін (17) орнату орнына
салыңыз және оны сағат тіліне қарсы бекігенге
дейін бұраңыз « ».
•
Иірмекті (18) еттартқыш бастиегінің корпусына
(17) тығыңыз.
•
Иірмекке (18) крест тәрізді пышақты (19)
орнатыңыз.
•
Қажетті бір торды (20 немесе 21) таңдаңыз
және оны пышақтың (19) үстіне орнатыңыз,
ол үшін тордағы дөңестер (20 немесе 21)
мен еттартқыш бастиегі (17) корпусындағы
ойықтарды сәйкестендіріңіз, сомынды (22)
қатайтып бұраңыз ( сур. 2).
Назар аударыңыз!
–
Пышақтың
кесетін
жағын
торға
қаратып орнатыңыз. Егер пышақ дұрыс
орнатылмаған болса, ол тарту қызметін
орындамайды.
–
Ірі саңлаулары бар тор (21) шикі етті,
көкөністерді, кепкен жемістерді, ірімшікті,
балықты және т. б. тартуға қолайлы.
–
Ұсақ саңылаулары бар торша (20) шикі,
сонымен қатар әзірленген етті, балықты
және т. с. с. өңдеуге жарамды.
•
Еттартқыш бастиегінің мойнына (17) өнімдерге
арналған науаны (16) орнатыңыз.
•
Жұмыс
кезінде
тек
итергішті
(15)
пайдаланыңыз (сур. 3).
Ескертпе:
–
Етті өңдеу үдерісін жақсарту үшін оны
жолақша немесе текше тәрізді етіп тураңыз.
Мұздатылған етті толық еріту керек.
–
Жұмыс
істеу
барысында
жеткізілім
жиынтығына кіретін итергішті (15)
пайдаланыңыз; етті итеруге қандай да бір
заттарды пайдалануға тыйым салынады,
ешбір жағдайда етті қолмен итермеңіз.
•
Еттартқыш астына (17) лайықты келетін
сыйымдылықты қойыңыз.
•
Желі бауының ашасын электр розеткаға
тығыңыз.
•
Жұмыс режимдері ауыстырғышын (11) ұрау
арқылы асүйлік машинені қосыңыз, қажетті
жылдамдықты орнатыңыз 3-тен 6-ға дейін.
Ескертпе:
- еттартқыш қондырмасы бар
асүйлік машиненің үздіксіз жұмыс істеудің
максималды ұзақтығы 3 минуттен аспайды.
Қайта қосуды 10-15 минут өткен соң ғана
жүзеге асырыңыз.
•
Жұмыс істеп болғаннан кейін жұмыс режимінің
ауыстырғышын (11) «0» күйіне белгілеңіз,
желі бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз, және содан кейін ғана еттартқышты
бөлшектеуге кірісіңіз.
•
Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін сомынды
(22) бұрап шешіп алыңыз да, еттартқыш
бастиегінің корпусынан орнатылған торкөзді
(20 немесе 21), крест тәрізді пышақты (19)
және иірмекті (18) шығарыңыз.
•
Еттартқыш бастиегін (17) шешіп алу үшін
бекіткіш батырмасына (14а) басыңыз,
еттартқыш бастиегін (17) сағат тілі бағытына
бұраңыз және шешіп алыңыз.
•
Детальдерін (15, 16, 17, 18, 19, 20 немесе
21, 22) бейтарап жуу құралы қосылған жылы
сумен жуып жіберіңіз, шайыңыз, содан кейін
кептіріңіз.
•
Қақпақты (14) орнына орнатыңыз.
ШҰЖЫҚТАРДЫ ТОЛТЫРУ
•
Фаршты дайындаңыз.
•
Еттартқыш бастиегін (17) орнату орнына
салыңыз және оны сағат тіліне қарсы бекігенге
дейін бұраңыз « ».
•
Иірмекті (18) еттартқыш бастиегінің корпусына
(17) орнатыңыз, иірмекке (18) крест тәрізді
пышақты (19) орнатыңыз, торлардың бірін
(20 немесе 21), шұжықшаларды толтыруға
арналған қондырманы (29) сомынға (22)
орнатыңыз, қондырманы ұстап тұрыңыз (29),
сомынды (22) еттартқыш бастиегіне (17)
бұраңыз, сомынды (22) қатты тартып бұраңыз
(сур. 4).
•
Өнімдерге арналған науаны (16) орнатыңыз
(сур. 5).
•
Өнімдерге арналған астаушаға (16) дайын
фаршты салыңыз.
•
Шұжықшаларды әзірлеу үшін табиғи қабықты
пайдаланыңыз, оны жылы суы бар ыдысқа
алдын ала 10-15 минут бойы салып қойыңыз.
•
Жұмсарған қабықты қондырмаға (29) кигізіңіз
де қабықтың ұшындағы бауды түйшектеп
байлаңыз.
•
Желі бауының ашасын электр розеткаға
тығыңыз.
IM VT-1439.indd 24
29.11.2018 17:22:11