16
ҚазаҚша
ФРИ ПІСІРГІШ
Фри пісіргіш әртүрлі тағамдарды (әсіресе,
картопты, көкөністерді, етті, балықты, қамырды,
саңырауқұлақтарды) ыстық жануар майында немесе
өсімдік майында қуыруға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Корпус
2.
Шешілмелі қақпақ
3.
Қарауға арналған саңылау
4.
Майға арналған шешілмелі ыдыс
5.
Жұмыс істеу көрсеткіші
6.
Таймер
7.
Температура реттегіші
8.
Қақпақты ашу батырмасы
9.
Тағамдарға арналған кәрзеңке
10.
Кәрзеңкенің бүгілмелі сабы
11.
Саптың батырма-бекіткіші
САҚТАНДЫРУ:
ФРИ ПІСІРГІШТІҢ ҚҰЛАУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЫСТЫҚ
МАЙ КҮРДЕЛІ КҮЙІКТЕРГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН,
СОНДЫҚТАН ЖЕЛІЛІК БАУДЫҢ ЖҰМЫС БЕТІНІҢ
ШЕТІНЕН САЛБЫРАМАУЫН ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН АРАҚАШЫҚТЫҚТА БОЛУЫН
ҚАДАҒАЛАҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Фри пісіргішті пайдалану алдында нұсқаулықты
зейін қойып шығыңыз және оны пайдалану мерзімі
бойы сақтаңыз. Құрылғыны берілген басшылықта
көрсетілгендей тек оның тікелей міндеті бойынша ғана
пайдаланыңыз. Аспапты дұрыс пайдаланбау оның
сынуына, пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
әкелуі мүмкін.
• Желіге қосу алдында, аспаптың кернеуі желідегі
кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Желілік бау «евроайыртетікпен» жабдықталған;
оны сенімді жерлендіру түйіспесі бар ашалыққа
қосыңыз.
• Өрт тәуекеліне немесе электр тоғы соққысына
жол бермеу үшін, құрылғыны электр ашалығына
қосқанда ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
• Өрттің пайда болу тәуекелін болдырмас үшін
құрылғыны электрлік розеткаға қосқан кезде
өткізуші тоқ құралдарын пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны түзу, тұрақты ыстыққа шыдамды
бетке, желілік айртетікке еркін жетуге болатандай
етіп орналастырыңыз.
• Құрылғыны жақсы желдетісі бар жерде
пайдаланыңыз. Жануға жол бермеу үшін
ешбір жағдайда құрылғыны перделер мен
шымылдықтардың қасында орналастырмаңыз,
сонымен қатар оны жұмыс уақытында бүркеп
жаппаңыз.
• Аспапты
жеңіл
тұтанатын
заттардың,
қағаздың, картонның және пластиктің қасында
орналастырмаңыз.
• Желілік баудың үстелден салбырауына,
сонымен қатар оның асханалық жиһаздың ыстық
беттерімен, немесе үшкір шеттерімен жанасуына
жол бермеңіз.
• Аспапты бөлмелерден тыс пайдаланбаңыз.
• Ыдыста май болмаса аспапты іске қоспаңыз.
• Ешқашан жұмыс процесінде, сонымен қатар,
егер қуыруға арналған май суымаған жағдайда
аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
• Будан күйік алуға жол бермеу үшін аспапқа
төнбеңіз.
• Фри пісіргіштің қақпағын жұмыс уақытында ашық
қалдырмаңыз.
• Сақ болыңыз: жұмыс уақытында аспап корпусы
қатты қызады, ыстық беттерге қолыңызды
тигізбеңіз.
• Фри пісіргіштегі майдың деңгейі минималды
белгіден аз болмауын, және максималды белгіден
жоғары болмауын бақылаңыз.
• Ыстық маймен жұмыс істегенде тек ыстықтан
оқшауланған саптары бар термотұрақты
асханалық жабдықтарды пайдаланыңыз.
• Майды ыстық күйінде төкпеңіз, оған салқындауға
уақыт беріңіз.
• Мүмкіндігінше фри пісіргішке құрғақ азық-түлікті
салыңыз, себебі ылғалдың біршама бөлігінің
ыстық майға тиюі оның шашырауына әкеледі.
• Фри пісіргішті азық-түлікпен асыра жүктемеңіз.
Бұл олардың тұтануына әкелуі мүмкін.
• Майдың тұтануы жағдайында, аспапты желіден
ажыратыңыз және қалың, мүмкіндігінше
жанбайтын матамен жабыңыз.
ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ОТҚА СУДЫ ҚҰЙМАҢЫЗ!
• Қуыруға арналған май толық суығанға дейін
құрылғыны
тасымалдамаңыз.
Құрылғыны
тасымалдау
үшін
копустағы
саптарды
пайдаланыңыз.
• Тазалау алдында немесе егер сіз аспапты
пайдаланбаған
жағдайда
оны
желіден
ажыратыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін ашалықтан ажыратқан
жағдайда, баудан тартпаңыз, ал айыртетіктен
қолмен ұстаңыз.
• Желілік баудың айыртетігін сулы қолмен
ұстамаңыз.
• Құрылғыны асханалық қолжуғыштың тікелей
қасында пайдаланбаңыз, оған ылғалдың әсерін
тигізбеңіз.
• Электр тоғы соққысына жол бермеу үшін желілік
бауды, желілік айыртетікті немесе аспаптың өзін
суға немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға
салмаңыз. Егер осылай болғанда, аспапты
ҰСТАМАҢЫЗ, оны жедел желіден ажыратыңыз
және содан кейін ғана судан шығарыңыз. Аспапты
тексеру немесе жөндеу үшін туындыгерлес қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Мезгілімен желілік бау мен айыртетіктің
тұтастығын тексеріп тұрыңыз.
• Желілік айыртетік немесе бау бүлінген жағдайда,
егер ол іркілістермен жұмыс істесе, сонымен
VT-1537_IM.indd 16
09.12.2013 12:31:01