18
ҚазаҚша
– Кәрзеңкені (9) майға салыңыз. Бұл үшін батырмаға
(11) басыңыз және қолсапты (10) баяу тік күйіне
ауыстырыңыз.
– Қайталанатын дыбыстық сигнал белгіленген
дайындау уақыты біткенін және құрылғының
сөнгенін хабарлайды.
Ескерту
:
• Егер дайындауды жалғастыру керек болса
таймерді батырмамен (6) баптаңыз.
• Егер Сіз құрылғыны белгіленген уақыттан
ерте сөндіргіңіз келсе, дисплейде көрсетілімдер
нөльденгенге дейін батырманы (6) басып
сөндіріңіз (көрсеткіш (5) сөнеді).
– Сапты (10) тік күйіне ауыстырып, кәрзеңкені (9)
көтеріңіз, майдың артығының ағуына беріңіз.
– Қақпапқты (2) қолыңызбен ұстап, батырмаға (8)
басып, оны ашыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау үшін
фри пісіргішке төнбеңіз және майы бар ыдыстың
(4) үстінен қолыңызды ұстамаңыз.
– Қолсаптан (10) ұстап, дайын тағамдары бар
кәрзеңкені шығарыңыз, дайын тағамдарды сәйкес
ыдысқа салыңыз.
– Температура реттегішін (7) солға тірелгенге
дейін бұраңыз және желілік баудың айыртетігін
ашалықтан суырыңыз.
– Құрылғыға салқындауға беріңіз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Май
Жоғары сапалы, әсіресе рафинадталған өсімдік
майын пайдаланыңыз.
– Майды тек суық ыдысқа (4) құйыңыз.
– Әрбір пайдаланғаннан кейін майды сүзіңіз.
Майды сүзуді келесі әдіспен жүзеге асырыңыз:
• Азық-түлікті пісіріп болғаннан кейін аспапты
сөндіріңіз және майдың салқындауына уақыт
беріңіз.
• Металл елекке немесе дуршлакқа сүзетін қағазды
немесе жұқа мақта матаны салыңыз және майды
сүзіңіз.
– Бірнеше майдың түрін араластырмаңыз.
– Үлестерді әзірлеудің арасында ұзақ үзілістер
кезінде фри пісіргішті дисплейде көрсетілімдер
нөльденгенге дейін батырманы (6) басып
сөндіріңіз (көрсеткіш (5) сөнеді).
– Суы көп азық-түлікті (мысалы, картопты) біршама
үзілістермен, мерзімімен кәрзеңкені шығарып
және кәрзеңкедегі заттарды сілкіп қуырған дұрыс.
– Чипстер бөлігін қуырғаннан кейін азық-түліктің
қалдықтарын майдан бірден жойыңыз, осылайша
майдың қызмет етуін ұзартуға болады.
– Мезгілімен майды айырбастап тұрыңыз (шамамен
8-12 пайдаланудан кейін).
– Майды, егер ол қыздырғанда көбіктене бастаса,
жағымсыз дәмі мен иісі болса, сонымен қатар,
егер қарайған немесе қою болса айырбастау
қажет.
– Егер Сіз фри пісіргішті сирек пайдалансаңыз,
майды немесе тоң майды жабық пластик немесе
шыны ыдыстарда салқын жерде (мүмкіндігінше
тоңазытқышта) сақтаңыз.
– Майды фри пісіргіште сақтамаңыз.
Әзірлеу бойынша ұсыныстар
– Жоғары сапалы рафинадталған өсімдік майын
(мысалы, күнбағыс немесе жүгері) пайдаланыңыз.
– Азық-түліктің бірнеше түрін қуырғанда бірінші
кезекте өңдеудің төмен температурасын қажет
ететін азық-түлікті жүктеңіз.
– Азық-түліктің жаңа бөлігін қуырар алдында
май қажетті температураға дейін қызу үшін 3-5
минут күте тұрыңыз. Көрсеткіш (7) қызыл түспен
жанғанда, азық-түліктің жаңа бөлігін пісіруге
кірісіңіз.
– Егер азық-түлік алдын-ала ыстықпен өңделсе,
әдетте, оларға анағұрлым жоғары қуыру
температурасы және аз уақыт қажет.
Дайындау уақыты
Тағамдар
Темпе
-
ратура
°
C
Салмағы
(гр.)
Қуырудың
шамамен
уақыты
(мин.)
Шаяндар
130
250
3~5
Пияз
140
150
3~4
Саңырауқұлақтар 140
300
6~8
Балық еті
150
250
5~6
Клярдағы балық
еті
150
250
6~8
Балық котлета-
лары
150
250
6~8
Кесекті ет
170
400
7~10
Стейк
170
250
7~10
Кепкен нандағы
тауық етінің
бөліктері
180
190
300
300
7~10
8~10
Фри картобы
190
700
10~12
Ескерту:
Кестеде қызған майда (көрсеткіш
(5) жасыл түспен жанғанда) дайындау уақыты
көрсетілген. Дайындау процесін бақылаңыз және
дайындау уақытын өз бетіңізбен реттеңіз.
Чипстер
Дәмді қыртылдақ чипстерді жасау үшін, ұсыныстарды
орындаңыз:
– Картопты шамамен қалыңдығы 0,5 мм
дөңгелектермен тураңыз. Жас картопты
пайдаланбаңыз.
– Туралған картопты суық сумен шайыңыз (бұл
жеке бөліктердің пісіру уақытында жабысуына
жол бермейді).
– Туралған және жуылған картопты таза асханалық
сүлгімен сіңдіріп кептіріңіз.
Мұздатылған азық-түлік
– Ыстық майдың шашырауына жол бермеу үшін
мұздатылған азық-түлікті алдын-ала еріту қажет.
VT-1537_IM.indd 18
09.12.2013 12:31:01