18
ҚАЗАҚ
• Құрылғы корпусында ылғал пайда
болғанда оны желіден ажыратыңыз
жəне корпусты құрғақ матамен сүртіңіз.
• Жұмыс істеп болған бетте құрылғыны
сөндіріңіз жəне желілік баудың
айыртетігін ашалықтан суырыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін сулы
қолмен ұстамаңыз.
• Қосулы тұрған аспапты қараусыз
қалдыруға тыйым салынады.
• Құрылғыны балаларға ойыншық
ретінде пайдалануға рұқсат етпеңіз.
• Аспапты балалар немесе мүмкіндіктері
шектеулі адамдармен, немесе
олардың қасында пайдаланылған
жағдайларда айрықша сақтандыру
шараларын сақтау керек.
• Моторлық блокты суға немесе басқа
сұйықтықтарға батыруға, сонымен
қатар оны су ағынының астында
жууға тыйым салынады. Моторлық
блокты тазарту үшін дымқыл матаны
пайдаланыңыз.
• Желілік баудың, айыртетіктің немесе
басқа бөлшектердің бүлінуі кезінде
аспапты пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны өз бетіңізден жөндемеңіз.
Желілік баудың бүлінуі жағдайында
немесе құрылғыны жөндеу үшін
туындыгерлес қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Электр аспабын құрғақ, салқын,
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
• Құрылғы үйде пайдалануға ғана
арналған, шырынсыққышты
коммерциялық пайдалануға тыйым
салынады.
Жұмысқа дайындалу
• Құрылғыны ораудан шығарыңыз.
• Азық-түлікпен жанасатын барлық
шешілмелі бөлшектерді жақсылап
жуыңыз, жəне оларды кептіріңіз.
• Алғашқы іске қосу алдында, аспаптың
жұмыс істеу кернеуі электр желісі
кернеуіне сəйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Ескерту
: Қолыңызда үккіш-сүзгішті
ұстағанда, сақ болыңыз, үккіштің өткір
беті бар.
• Көкөністерді/жемістерді жуыңыз жəне
шырынсыққыш қақпағының аузына
жеңіл өтетін бөліктерге бөліңіз.
• «Сүйекті» жемістерден (мысалы,
шиеден, шабдылан жəне т.с.с-
лардан) шырын шығарғанда, міндетті
түрде жемістерден сүйектерді алып
тастаңыз.
Шырынды дайындау
• Шырынсыққышты түзу, құрғақ жəне
тұрақты бетке қойыңыз.
• Құрастыру алдында, аспаптың
сөнгеніне жəне желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Шырынжинауышты (5) моторлық
блокқа (7) орнатыңыз.
• Үккіш-сүзгішті (4) шырынжинауышқа (5)
орнатыңыз.
Ескерту
: Механикалық бұзылулар
табылған кезде үккіш-сүзгішті
пайдаланбаңыз.
• Қақпақты (3) шырынжинауышқа
орнатыңыз жəне бекіткіштер (6)
көмегімен бекітіңіз.
• Сығындыларға арналған сауытты (8)
орнатыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз.
• Ауыстырғышты (9) «1» күйіне (төмен
жылдамдық) немесе «2» күйіне
(жоғары жылдамдық) белгілеп,
шырынсыққышты іске қосыңыз.
Ескерту:
- «төмен жылдамдық» - жұмсақ
көкөністердің/ жемістердің (қызандар,
алмұрттар, бүлдірген, апельсиндер,
алхоры, жүзім, асқабақ, пияз, қияр
жəне т.с.с.) шырынын сығу үшін.
- «жоғары жылдамдық» - қатты
1631.indd 18
1631.indd 18
22.12.2010 15:10:55
22.12.2010 15:10:55