14
ҚазаҚша
VT-2561 ТРИММЕРІ
Триммер денедегі шашты алуға және шашты бөлшектеп
түзетуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Шешілмелі ұстаралар блогы
2. Корпусы
3. «0/I» қуаттандыру сөндіргіші
4. Қуаттандыру индикаторы
5. Желілік адаптер бауы мен USB сымын қосатын ұяшық
6. Желілік адаптер
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құралды пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз және оны барлық пайдалануға беру мерзім ішінде
анықтамалық материал ретінде сақтап қойыңыз. Құралды
осы нұсқаулықта баяндалғандай оның тікелей мақсаты бой
-
ынша ғана пайдаланыңыз. Құралды дұрыс пайдаланбау оның
сынуына әкелуі, пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруі мүмкін.
•
Құралды аккумуляторлық батареяны қуаттандыруға
арналған электрлік желіге алғаш рет қосудың алдында
электрлік желідегі кернеудің желілік адаптердің жұмыс
кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
•
Желілік адаптердің бауы:
–
ыстық заттармен және беттермен жанаспауы;
–
суға салынбауы;
–
жиһаздың үшкір қырлары арқылы тартылмауы;
–
құралды тасымалдауға арналған тұтқа ретінде пайдала
-
нылмауы керек.
•
Құралдың жұмыс істеген немесе қуаттандырылған кезінде
желілік адаптердің бауын және желілік адаптердің корпусын
дымқыл қолмен ұстауға тыйым салынады.
•
Құралды тек құрғақ шашты қырқу үшін ғана пайдаланыңыз.
•
Құралды тек табиғи адам шашын қырқу үшін ғана
пайдаланыңыз.
•
Құралды жасанды шаш пен жануарлардың жүнін қию үшін
пайдалануға тыйым салынады.
•
Жеткізілім жинағына кіретін желілік адаптер мен ұстара
блогын ғана пайдаланыңыз.
•
Құралды температурасы жоғары және қатысты ылғал
дылығы 80% асатын орындарда қолдануға болмайды.
•
Аспапты үйжайдан тыс пайдалануға тыйым салынады.
•
Аккумулятор батареясын +5° C бастап +35° C дейінгі темпе
-
ратура кезінде қуаттандырыңыз.
•
Бұзылған ұстара блогы бар құралды пайдалануға тыйым
салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспапты құрғақ күйде ұстаңыз.
Құралды суға немесе басқа да кез-келген сұйықтыққа салуға
тыйым салынады.
IM VT-2561_70x130.indd 14
21.05.2018 10:35:32