23
ҚАЗАҚША
• Ұзындық реттегішін (2) бірінші рет пайдаланған кезде,
триммердің осы жүйесімен танысу үшін, қалған
шаштардың биіктігінің максималдық мәнін «10»
қою ұсынылады. Ұзындық реттегішін (2) ары қарай
пайдаланған кезде, қалған шаштың қажетті биіктігін
0,5 мм-ден бастап 10 мм-ге дейін 0,5 мм қадамымен
қоя аласыз.
• Жүздер блогы бар қондырманы (6) корпусқа (1)
салыңыз, қондырманың (6) жоғарғы жағына бекіткіші
іске қосылғанға дейін басыңыз. Қалған шаштың
биіктігін реттеу реттегішті (2) сағат тіліне қарай/қарсы
бұрау арқылы жүзеге асырылады.
• Шаш қырқу кезінде қондырманың (6) жазық бөлігі
шашты тегіс қырқу үшін терімен толық байлаыста
болғанын бақылаңыз.
Ескертпе: – шаштар әртүрлі бағытта өсуіне
байланысты қондырманың (6) жоғары, төмен немесе
оң жақ, сол жақ бағыттары бойынша әртүрлі
қозғалыстарын көруіңізге болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
– Пайдаланып болғаннан кейін триммерді сөндіріңіз.
– Орнатылған қондырманы (6) шешіп алыңыз, ол үшін
қондырманың төменгі бөлігін көтеріңкіреңіз және оны
шешіп алыңыз.
– Қылшақшаны (8) пайдаланып, қондырманы (6) шаштан
тазалаңыз.
– Қондырма (6) құрамына кіретін, жүздер блогын (6)
ағынды су астында жуып жіберуге болады.
– Триммер корпусын сәл дымқыл матамен сүртіңіз,
содан кейін құрғатып сүртіңіз.
– Триммерді, желілік бейімдегішті (9) және желілік
бейімдегіш бауын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
– Триммер мен жүздер блогы бар қондырмаларды (6)
тазалау үшін еріткіштерді немесе абразивтік тазалау
құралдарын қолдануға тыйым салынады.
– Әрбір пайдаланғаннан кейін жүздер блогын (6)
майлайтын маймен (7) майлаңыз.
САҚТАЛУЫ
– Құрылғыны сақтауға қоярдың алдында оны тазалап,
жүздерін майлайтын маймен (7) майлаңыз.