18
ҚАЗАҚША
ТРИММЕР VT-2565
Триммер сақалды қырқуға, беттегі немесе денедегі
шашты алуға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Корпусы
2. Ұзындық реттегіші
3. Қуаттандыруды сөндіргіш
4. Желілік адаптер бауын қосуға арналған ұя
5. Жүздер блогы бар қондырма
6. Майлайтын май
7. Тазалауға арналған қылшақша
8. Желілік адаптер
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз және оны барлық пайдалануға беру
мерзім ішінде анықтамалық материал ретінде сақтап
қойыңыз. Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
оның тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына әкеліп
соғуы, және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруі мүмкін.
• Аккумуляторлық батареяны зарядтау үшін құрылғыны
электр желісіне алғашқы қосу алдында, электр желідегі
кернеудің желілік бейімдегіш жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Желілік бейімдегіштің бауы:
– ыстық заттармен және беттермен жанаспауы;
– суға салынбауы;
– жиһаздың өткір қырлары арқылы тартылмауы керек;
– құрылғыны тасымаллау үшін тұтқа ретінде
пайдаланылмауы керек.
• Құрылғы жұмыс істеген немесе зарядталған
кезінде желілік беейімдегіштің бауын және желілік
бейімдегіштің корпусын сулы қолмен ұстауға тыйым
салынады.
• Құрылғыны тек құрғақ шашты қырқу үшін ғана
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны тек табиғи адам шашын қырқу үшін ғана
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жасанды шаш пен жануарлардың жүнін
қырқу үшін пайдалануға тыйым салынады.