16
ҚазаҚша
• Тәжді (12) өнім тұрған ыдысқа түсіріңіз.
• Қондырғыны қосу үшін түймені (4) басып, ұстап
тұрыңыз. Реттегішпен (6) тәж-саптамасының
(12) қалаған жылдамдығын орнатыңыз. Бұл
жұмыс тәртібін сұйық өнімдерді араластыру үшін
пайдаланыңыз.
• Турботәртіп (5) түймесін басып, ұстап тұрған кезде
қондырғы ең жоғарғы айналымға қосылады.
• Қондырғыны пайдаланған соң, желілік қосайырды
электрлік розеткадан шығарыңыз, бәсеңдеткіштен
(11) тәжді (12) алыңыз, саптамалар фиксаторы
(2) түймесін баса отырып, моторлы блоктан (3)
бәсеңдеткішті (11) ажыратыңыз.
Назар аударыңыз!
–
Қатты иленген қамырды араластыру үшін
тәжді (12) қолдануға тыйым салынады.
–
Қондырғы қосылғанға дейін сыйымды ыдысқа
өнімдерді салыңыз.
ШАҒЫН-ЧОППЕРДІ ҚОЛДАНУ
Чоппер етті, сырды, пиязды, ароматтық шөптерді, грек
жаңғағын, бадамды, жеміс-жидектер мен көкеністерді
ұсақтау үшін қолданылады.
Назар аударыңыз!
Тым қатты өнімдерді, яғни жұпар жаңғағын,
кофе түйірлерін, астық тұқымдастарды және
мұз сияқтыларды ұсақтауға тыйым салынады.
Ұсақтауды бастар алдында:
етті, сырды, пиязды,
жемістерді және көкеністерді шамамен 2х2 см
кесектеп тураңыз;
• Шөптердің сабағын жойыңыз, жаңғақтарды
қабығынан тазартыңыз; сүйектерін, сіңірлерін және
ет шандырларын жойыңыз.
ҰСАҚТАУ
Абайлаңыз:
Ұсақтау-пышағының жүзі тым өткір! Ұсақтағыш-
пышағын әрқашанда пластмассалы қабында
ұстаңыз.
• Чоппер тостағанын (7) тегіс беткі жағына нық
орналастырыңыз.
• Чоппер тостағанындағы оське пышақты (8)
орнатыңыз.
• Ілінісу муфтасын (9) қақпақтың төменгі жағындағы
(10) бәсеңдеткіш-қақпағына (10) қойыңыз.
• Өнімдерді чоппер тостағанына салыңыз.
Ескерту:
Қондырғыны чоппердің бос тостағанымен
қоспаңыз.
• Бәсеңдеткіш-қақпағындағы (10) терең дөңеске
орналастыра отырып, бәсеңдеткіш-қақпағын (10)
чоппер тостағанына (7) орнатыңыз және қақпақты
(10) соңына дейін сағат тілімен бұраңыз.
• Бәсеңдеткіш-қақпағына (10) моторлы блокты
(3) орнатыңыз, фиксатор шертпегі (2) моторлы
блокты (3) дұрыс орнату туралы куәлендіреді.
• Электрлік розеткаға желілік сым қосайырын сала
отырып, қондырғыны электрлік желіге қосыңыз.
• Қондырғыны қосу үшін түймені (4) басып,
ұстап тұрыңыз. Реттегішпен (6) ұсақтағыш-
пышақ айналымының (8) қалаған жылдамдығын
орнатыңыз.
• Түймені (5) басқан кезде пышақ ең жоғарғы
айналыста айналатын болады.
• Жұмыс істеу барысында моторлы блокты (3) бір
қолыңызбен ұстап, чоппер тостағанын (7) екінші
қолыңызбен ұстап тұрыңыз.
• Қондырғыны қолданғаннан кейін пышақ (8)
айналымының толықтай тоқтауын күтіңіз.
• Желілік сым қосайырын электрлік розеткадан
шығарыңыз.
• Чопперді қолданған соң саптамалар фиксаторы
(2) түймесін баса отырып, моторлы блоктан (3)
бәсеңдеткіш-қақпағынан (10) ажыратыңыз.
• Бәсеңдеткіш-қақпағын (10) сағат тілімен бұра
отырып, оны шешіңіз.
• Пластмассалық қосымшадан ұстанып, сақтана
отырып, пышақты (8) шығарыңыз.
• Чоппер тостағанынан (7) ұсақталған өнімдерді
алыңыз.
Назар аударыңыз!
Сипатталған жүйелі әрекеттерді қатаң
сақтаныңыз.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін, кестеде
келтірілген мәліметтерді пайдаланыңыз:
Өнім типі
Салмағы, г
Дайындаудың
жобалық
ұзақтығы, сек.
Пияз (бірнеше
бөліктерге бөлу) 60
4-8
Жұмсақ
көкеністер
100
10
Сарымсақ
50
4-8
Нан (кептірілген
нан)
15
12
Сыр
30
12
Жаңғақтар
30
12
Жұмыртқа
80
8
Ет
80
8-12
ТАЗАРТУ
Назар аударыңыз! Ұсақтағыш-пышақтың (8)
жүзі тым өткір әрі қауіп төндіреді. Ұсақтағыш-
пышақты (8) қолданғанда өте сақ болыңыз!
• Қондырғыны тазарту алдында оны электрлік
желіден ажыратыңыз.
• Саптамаларын шешіңіз.
• Моторлы блокты (3), бәсеңдеткішті (10, 11) тазарту
үшін шамалы ылғалды матамен тазартып, артынан
құрғатып сүртіңіз.
• Тұздалған немесе қышқыл өнімдерді өңдеген соң
ұсақтағыш-пышақты (8) және блендер-саптамасын
(1) тез арада сумен шаю қажет.
• Күрделі бояғышты сипаттағыларды (мысалы,
сәбіз, қызылша) өңдеу барысында саптамалар
немесе сыйымды ыдыстар боялып қалуы мүмкін,
саптамаларды не болмаса сыйымды ыдысты
өсімдік майына малынған матамен сүртіңіз,
VT-3400.indd 16
29.11.2013 16:46:08