16
ҚАЗАҚША
•
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудыр-
мау үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет
немесе баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
•
Құрылғыны өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Кез келген ақау шыққан жағдайда, өздігіңізден
құрылғыны бөлшектемеңіз, сондай-ақ құрылғы
құлаған жағдайда құрылғыны розеткадан алып
тастаңыз да, байланысу мекенжайлары бой-
ынша кепілдеме талонында көрсетілген кез кел-
ген авторланған (уәкілетті) сервистік орталыққа,
және www.vitek.ru сайтына жүгініңіз.
•
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оны
тұрмыстық қоқыстармен бірге тастамаңыз,
аспапты келесі қайта өңдеу үшін арнайы пун-
ктке өткізіңіз.
•
Құрылғыны тек зауыттық орауда ғана тасымал-
даңыз.
•
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері шек-
теулі адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ
ТҰРҒЫН
ПАНАЖАЙЛАРДА
ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН,
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ПАНАЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
ЕТТАРТҚЫШТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Иірмектің кері айналу функциясы
«REV» (кері айналдыру)
– өнімдерді тарту кезінде
пайда болған кептелістерді жоюға арналған.
Өнімдерге арналған науа
өнімдерді тарту кезінде
олардың ыңғайлы орналасуын қамтамасыз етеді.
Әртүрлі өлшемдегі үш торкөз
өнімдерді әртүрлі
деңгейде ұсақтауға арналған.
Арнайы жабдықтар
– көкөніс кесетін саптама,
шұжықтарды толтыруға және «кеббе» әзірлеуге
арналған.
Назар аудараңыз!
•
Электр желісіне қосар алдында құрылғының
өшіріліп тұрғанын тексеріп алыңыз.
•
Етті тартудың алдында барлық сүйектер мен
артық майлар алынғанына міндетті түрде көз
жеткізіңіз.
•
Өнімдерді қандайда бір басқа заттармен
немесе қолдың саусақтарымен итеруге тыйым
салынған, тек жеткізу жинағына кіретін итергішті
(1) пайдаланыңыз.
•
Еттартқыштың корпусын ешбір жағдайда суға
немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
«кеббе» саптамасын (16, 17) пайдаланған кезде
торкөздерді (11, 12, 13) және пышақты (10)
орнатуға болмайды.
•
Ет тартқышта қатты талшықтары бар өнімдерді
(мысалы, зімбір немесе желкек) тартпаңыз.
•
Кептелістерді пайда болдырмас үшін етті итеріп
артық салмақ салмаңыз.
•
Қандайда бір қыстырылып қалған тілім иірмек
пен пышақтың айналуын тоқтатқан жағдайда
құрылғыны дереу өшіріңіз және жұмысты қайта
жалғастырмас бұрын иірмекті кері айналдыру
функциясын «REV» пайдаланып, кептелісті
алып тастаңыз.
ЕТТАРТҚЫШТЫ ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны төмен температура кезінде
тасымалдаған немесе сақтаған жағдайда оны
бөлме температурасында үш сағаттан кем
емес уақыт ұстаған жөн.
•
Еттартқышты қораптан шығарып алып, барлық
қаптама материалдарын алып тастаңыз, корпу-
сты ылғал матамен сүртіңіз.
•
Барлық алынатын бөлшектерін бейтарап жуғыш
заты бар жылы сумен жуыңыз, шайыңыз және
құрамай тұрып әбден кептіріп алыңыз.
•
Алғашқы іске қосқанда, электр желісіндегі кер-
неу құрылғының кернеуіне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
ЕТ ТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
•
Ет тартқыш өнімдерді өңдеуге және тек үй
жағдайында жартылай дайын – өнімдерді
әзірлеуге арналған.
•
Құрылғыны құрастырыңыз және жазық құрғақ
бетке орнатыңыз.
•
Корпустағы желдетілетін саңылаулар бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
•
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
•
Еттартқыш бастиегінің (3) астына сәйкес ыды-
сты қойыңыз.
•
Еттің толық жібігенін тексеріп алып, артық май-
лар мен барлық сүйектерді алып тастаңыз,
етті текшелеп тураңыз немесе науаның (2)
саңылауына еркін кіретіндей өлшеммен
тілімдеп тураңыз.
•
«ON/OFF» (8) түймесін басып құрылғыны
қосыңыз.
•
Асықпай, еттартқыш бастиегінің (3) қонышына
итергіштің (1) көмегімен етті итеріңіз.
•
Жұмыс кезінде тек жеткізу жинағына кіретін
итергішті (1) пайдаланыңыз.
•
Өнімдерді итеру үшін қандайда бір заттарды
пайдалануға тыйым салынады, ешбір жағдайда
етті қолмен итермеңіз.
•
Етті немесе басқа азық-түлікті итеру үшін аса
көп күш жұмсамаңыз.
VT-3607.indd 16
7/2/20 5:34 PM