16
ҚазаҚша
•
Үккіш-сүзгішті (4) және басқа шешілмелі
бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуатын
машинаны пайдаланбаңыз.
•
Моторлық блокты (8) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Моторлы блокты (8) суға немесе кез келген
сұйықтықтарға батыруға және ағынды су
астында шаюға тыйым салынады.
•
Шырынсыққышты тазалау үшін қатты
губканы, қажайтын тазалағыш заттарды,
сондай-ақ еріткіштерді пайдаланбаңыз.
•
Кейбір өнімдер, мысалы, сәбіз немесе
қызылша, шырынсыққыштың алынбалы
бөлшектерін
бояп
тастауы
мүмкін,
бояғыштың іздерін кетіру үшін өсімдік майына
малынған құрғақ матаны пайдалануға
болады, бөлшектерді тазалағаннан кейін
оларды жұмсақ жуғыш заты қосылған жылы
сумен жуып жіберіңіз де, кептіріп қойыңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
•
Шырыны көбірек болғандықтан тек балғын
жемістер мен көкөністерді ғана пайдаланыңыз.
•
Шырын даярлау үшін түрлі көкөністерді (сәбіз,
қияр, қызылша, сельдерей жапырақтары,
шпинат, қызанақ) немесе жемістерді (алма,
жүзім, ананас) қолдануға болады.
•
Жидектерді тікелей шырын сығу алдында
ғана жуу керек, себебі олар балғындығын
тез жояды.
•
Қабықты
немесе
жұқа
қабықшаны
тазалаудың қажеті жоқ, тек қалың
қабықты (мысалы, ананастардан немесе
қызылшадан) тазалау керек.
•
Алма шырынын жасаған уақытта алманың
ортасын ою міндетті емес.
•
Алманың шырынын дайындаған кезде,
оның қанықтылығы пайдаланылатын
алмалардың сұрпына байланысты екенін
есте сақтаңыз.
•
Сіздің талғамыңызға неғұрлым сәйкес
келетін шырынды беретін алма сұрпын
таңдаңыз.
•
Шырынды дайындағаннан кейін бірден
пайдаланыңыз. Ұзақ уақыт ауада сақтағанда
шырынның дәмдік қасиеттері және тағамдық
құндылығы жойылады.
•
Алма шырыны тез қараяды, оған бірнеше
тамшы лимон шырынын тамызыңыз, бұл
шырынның қараю процесін тоқтатады.
•
Шырын тоңазытқышта сақталатын болса,
оны тоңазытқышта сақталатын тағамдардың
иісін сіңіріп алмауы үшін қақпағы бар таза
ыдысқа ауыстырып құйыңыз. Шырынды
металл ыдыста сақтау ұсынылмайды, себебі
ол сәйкес дәмге ие болуы мүмкін.
•
Шырынсыққышта
банандар,
папайя,
авокадо, інжір, өрік, манго, қызыл және
қара қарақат сияқты крахмалы немесе
пектині көп жемістерді өңдеу ұсынылмайды.
Бұл жемістерді өңдеу үшін асханалық
аспаптарды пайдаланыңыз.
•
Шырынсыққыш өте қатты және талшықты
өнімдерді өңдеуге көзделмеген,мысалы:
кокос, ревень немесе айва.
САҚТАЛУЫ
•
Құрылғыны сақтауға алып қоймас бұрын,
„ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ“ бөлімінің
талаптарын орындаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ақауларды анықтау және оларды жою тәсілдері
Олқылықтар
Жою әдістері
Шырынсыққышты алғаш рет іске
қосқанда жағымсыз иіс пайда
болды.
Бұл қалыпты құбылыс, себебі электрлік мотордағы көмір
қылшақтардың үйкелесуі үшін біршама уақыт қажет.
Шырынсыққыш іске қосылмайды
1.
Шырынсыққыштың дұрыс жиналғаннын тексеріңіз, қысқыш
дұрыс жағдайда орнатылғанын көріңіз.
2.
Желі розеткасында кернеудң бар екендігіне көз жеткізіңіз,
ол үшін кез келген басқа электрқұрылғысын розектаға қосып
көріңіз.
Шырынның мөлшері азайды
1.
Сүзуші тор бітеліп қалған:
–
шырынсыққышты сөндіріңіз, ашалықтың желілік бауы
айыртетігін суырыңыз.
–
электрлік мотор тоқтаған кезде, үккіш-сүзгішті тексеріңіз.
–
үккіш-сүзгішті тазалаңыз және жуыңыз.
IM VT-3658.indd 16
16.03.2017 10:22:54