15
ҚазаҚша
шүмектің (6) астына шырын жинауға
арналған ыдысты (11) қойыңыз.
•
Желілік баудың айыретігін электрлік
ашалыққа салыңыз.
•
Ауыстырғышты (9) «I» (төмен жылдамдық)
күйіне, «II» (жоғары жылдамдық) күйіне
орнатып, шырынсыққышты қосыңыз.
Ескерту
:
Төмен жылдамдық «I»
жұмсақ көкөністердің/
жемістердің – қызандар, алмұрттар, бүлдірген,
апельсиндер, алхоры, жүзім, асқабақ, пияз,
қияр және т.с.с.-лардың шырынын сығу үшін
арналған.
Жоғары жылдамдық «II»
қатты көкөністердің/
жемістердің – бөрікгүл, сәбіз, алма, бұрыш,
қызылша, картоп, ананастар, кәді, балдыркөк,
саумалдық, аскөгі, сопақ басты пияз және т.с.с.-
лардың шырынын сығу үшін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тұтқыр немесе айтарлықтай қатты азық-
түлікпен жұмыс жасаған кезде сүргіш-
үккіштің (4) айналуының тоқтап қалуына
жол бермеу үшін шырынсыққыштың
жоғары «II» жылдамдық жұмыс тәртібін
пайдалануға кеңес беріледі.
•
Егер барлық шешілмелі бөліктер дұрыс
орнатылған және қақпақ (3) бекіткішпен (7)
бекітілген жағдайда ғана шырынсыққыш іске
қосылады.
•
Үккіш-сүзгіш (4) айналып тұрған кезде
ғана азық-түлікті қақпақтың (3) аузына (2)
жүктеңіз.
•
Көкөністердің немесе жемістердің алдын-
ала туралған бөліктерін қақпақтың (3)
аузына (2) біртіндеп салыңыз және оларға
итергішпен (1) сәл басыңыз. Итергішке (1)
тым қатты баспаңыз, себебі бұл алынған
шырын сапасының төмендеуіне және тіпті –
үккіш-сүзгіштің (4) айналуының тоқтауына
әкелуі мүмкін. Көкөністерді немесе
жемістерді өңдеу неғұрлым баяу болса,
шырын соғұрлым көп болады.
•
Саусақтарды және басқа заттарды қақпақтың
(3) аузына (2) салуға тыйым салынады.
•
Жұмыс істеу уақытында сүзгіш торының
сығындылармен бітеліп қалуы затына үккіш-
сүзгіштің (4) жағдайын кезекті тексеріп
тұрыңыз, және қажет болғанда үккіш-
сүзгіштің (4) жуып тұрыңыз, сүзгіштерді
шешу алдында, шырынсыққышты сөндіру
және желілік баудың айыртетігін ашалықтан
ажырату қажет.
•
Сығындыларға арналған сауыттың (10)
толуын байқаңыз, егер сауыт (10) толса,
шырынсыққышты сөндіріңіз, желілік баудың
айыртетігін ашалықтан суырыңыз және
сығындыларды алып тастаңыз.
Ескертпе:
- жұмыс кезіндегі үзілісте
немесе шырын жинау сыйымдылығын (11)
толтырғаннан кейін шырын құятын шүмекті
(6) тамшыға қарсы қақпақты кигізіңіз, шырын
тамшылары үстелге тамшыламайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шырынсыққыштың максималды рұқсат
етілген үзіліссіз жұмыс істеу уақыты -
1 минут, кейіннен кем дегенде 1 минут
үзіліс, үш жұмыс циклінен кейін кем дегенде
15 минут үзіліс жасау қажет.
500 гр. қатты және талшықты өнімді
(цитрус, ананас, алма, сәбіз ж.т.с.с.)
өңдегеннен
кейін
құралды
ашып,
тазалаңыз.
Осы талапты орындамау үгіткіш-тордың
тірелуіне әкелуі мүмкін және құралды
тазалауды қиындатады.
•
Шырынсыққышты пайдаланып болғаннан
кейін ауыстырғышты (9) «0» күйіне орнатып,
оны сөндіріңіз және желілік баудың
айыртетігін ашалықтан суырыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Жұмысты аяқтағаннан кейін немесе тазалаудың
алдында міндетті түрде құрылғыны сөндіріңіз
және электр желісінен ажыратыңыз.
Шырынсыққышты
бөлшектеуді
және
тазалауды әр пайдаланып болғаннан кейін
орындаңыз және төменде келтірілген
ұсыныстарды сақтаңыз.
•
Итергішті (1) қақпақтың (3) аузынан (2)
шығарыңыз.
•
Бекіткішті (7) түсіріңіз және қақпақты (3) шешіңіз.
•
Үккіш-сүзгшіті (4) шешуді жеңілдету үшін
үккіш-сүзгішті шырынжинауышпен (5) бірге,
шырынжинауыштан (5) ұстап және оны
жоғары бағытта көтеріп шешу керек.
•
Барлық алынбалы бөлшектерді пайдаланылып
болғаннан кейін бірден бейтарап жуғыш заты
қосылған жылы сумен жуу керек.
•
Үккіш-сүзгіштің (4) саңылауларын сәйкес
қылшақты пайдаланып, сыртқы жағынан
жуған ыңғайлы.
•
Үккіш-сүшгішті (4) жуған кезде сақ болыңыз,
үккіштің өткір беті бар.
IM VT-3666.indd 15
12.07.2018 10:12:19