16
ҚАЗАҚША
•
Әзірлеу тәртіптемесін таңдамас бұрын,
шыныаяқ дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
•
Тағам әзірлеу барысында дәмдеуіштер мен
қоспаларды пайдалансаңыз, әзірлеп болғаннан
кейін бірден (9) шыныаяғын жуу ұсынылады.
•
Өнімдерді әзірлеп болғаннан кейін күюге
қарсы жабындыны зақымдап алмау үшін (9)
шыныаяғын бірден суық су астына қоймаңыз,
алдымен салқындатып алыңыз.
•
(9) шыныаяғы ыдыс жуатын мәшинеде
жууға тағайындалмаған.
БІРІНШІ ПАЙДАЛАНАР АЛЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрылғы
төмен температурада сақталған болса оны
бөлме температурасында үш сақаттан кем
емес уақыт ұстау қажет.
–
Құрылғыны
орамасынан
шығарыңыз,
мультипісіргіштің жұмыс істеуіне кедергі
келтіретін, барлық қаптама материалда-
рын және кез келген жапсырмаларды алып
тастаңыз.
–
Мультипісіргішті тегіс жылыға төзімді бетке
орналастырыңыз, асүйдегі барлық жылу (газ
плитасы, электр плита немесе пісіргіш панель
сияқты)көздерінен алшақ ұстаңыз.
–
Құрылғыны мультипісіргіш корпусы мен қабырға
арасындағы қашықтық 20 см-дан кем болмай-
тындай, ал үстіндегі бос кеңістік 30-40 см-дан
кем болмайтындай етіп орналастырыңыз.
–
Құрылғыны шығатын будың жоғары темпера-
турасынан зақымданып кететін заттардың дәл
қасына қоймаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, рако-
вина
немесе
басқадай
суға
толы
сыйымдылықтарға жақын қоймаңыз.
–
(4) батырмасына басып, (3) қақпағын ашыңыз.
–
Барлық алынбалы бөлшектерді – тостағанды
(9), тағамдарды бумен пісіруге арналған нау-
аны (10), ожауды (12) және өлшейтін стакан-
шаны (11) – бейтаарп жуғыш заты бар жұмсақ
ысқышпен жуыңыз, ағын сумен шайыңыз және
құрғатыңыз.
–
Құрылғы корпусын (1) дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз!
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Мультипісіргішті алғаш пайдаланғанда
қыздырғыш элементінен бөгде иіс шығуы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
•
Әзірлеуді бастау алдында, мультипісіргіш
қақпағы тығыз жабылғанын тексеріңіз.
•
Күйіп қалмас үшін абайлық сақтаңыз,
мультипісіргіш жұмыс істеп тұрғанда
•
(3) қақпағын ашарда, (6) бу шығатын
тесіктің үстіне қарай еңкеймеңіз, (9)
шыныаяғының үстіне денеңіздің ашық
жерлерін тоспаңыз!
•
Әзірлену процесінде тағамдардың әзірлігін
қадағалаңыз, қажет болғанда тағамдарды
пластик ожаумен (12) араластырыңыз.
Тостағанның (9) күюге қарсы қабатын
тырнай алатын металл құралдарын
пайдаланбаңыз.
•
Пластик ожауды (12) тостағанның ішінде
қалдырмаңыз.
Өнімдерді рецепт талаптарына сәйкестендіріп
(Рецептілер кітабына қараңыз) (9) шыныаяғына
салыңыз.
Ескерту: Сұйықтықты қоса алғанда ингреди-
енттер көлемі «8» ең жоғары деңгей белгісінен
аспауын және «2» ең төменгі деңгейі белгісінен
төмен болмауын қадағалаңыз.
Су мен өнімдерді салудың жалпы үлгісі (үлгі
ретінде күріш қарастырылды)
Күрішті (11) мөлшерлеу стақаншасымен өлшеп
алыңыз (бір мөлшерлеу стақаншасында шамамен
160 г күріш бар), күрішті жуып жіберіңіз және (9)
шыныаяғына салыңыз. Белгілі мөлшердегі күрішке
(стақаншаларымен өлшенген) арналған су деңгейі
(9) шыныаяғының ішіндегі шәкілде көрсетілген.
Қажетті белгіге дейін су құйыңыз.
Мысалы: Төрт мөлшерлеу стақанша жарма
салып, «4» белгісіне дейін су құйыңыз. Сұйық
ботқалар үшін күріш пен суды 1:3 пропорция
қатынасында пайдалануды ұсынамыз.
(9) шыныаяғын құрылғының жұмыс камера-
сына орналастырыңыз. Шыныаяқтың сыртқы
беті таза әрі құрғақ екеніне, ал шыныаяқтың
өзі қисаймай орналасып, қыздыру элементінің
бетіне тығыздалып қойылғанына көз жеткізіңіз,
Ескерту:
–
(9) шыныаяғын жармаларды жуу үшін
пайдаланбаңыз және оның ішінде өнімдерді
кеспеңіз, ол күюге қарсы жабындыны
зақымдауы мүмкін.
–
жұмыс камерасында және (9) шыныаяғының
түбінде бөгде заттардың, ылғал немесе
ластанулардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
–
пайдаланар алдында (9) шыныаяғының
сыртқы бетін және түбін құрғатып сүртіңіз.
–
қыздырғыш элементі ортасында температура
датчигі бар. Датчиктің еркін қозғалысына еш
кедергі болмауын қадағалаңыз.
•
егер сіз өнімдерді буға пісіретін болсаңыз,
қайнаған су (10) науасының түбіне
тимейтіндей етіп суды (9) шыныаяғына
құйыңыз. Өнімдерді (10) науасына салыңыз да
оны (9) шыныаяғына орналастырыңыз.
•
(3) қақпағын тырсылдағанға дейін жабыңыз.