17
ҚазаҚша
•
Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз, құрылғыны
үнемі сөндіріп отырыңыз және егер оны
қолданбасаңыз, электр желісінен ажыратып
отырыңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда корпусы мен ішкі
бөлшектері қызады, оларды қолмен ұстамаңыз.
•
Мультипісіргіш жұмысы барысында ыстық бумен
күйік шалудың алдын алу үшін мультипісіргіш
қақпағында орналасқан бу шығатын саңылаулар
үстінде еңкеюге тыйым салынады.
•
Тағамдарды әзірлеу үстінде және тікелей
әзірлеп болған соң мультипісіргіш қақпағын
ашуда өте сақ болыңыз.
Бумен күю қаупі бар!
•
Ыстық май шашырап күйіп қалуды болдырмас
үшін құрылғы «Қуыру» тәртібінде жұмыс істеп
тұұрғанда мультипісіргіш тостағанына еңкеймеңіз.
•
«ҚУЫРУ» бағдарламасынан басқа жағдайда
құрылғы қақпағын ашық күйде қалдырмаңыз.
•
Аспапты орнатылған тостағансыз, қорғаныс
экрансыз және бу құлақшасынсыз қатаң тыйым
салынады. Сонымен қатар тостағандағы
сұйықтықтарсыз
немесе
тағамдарсыз
пайдалануға қатаң тыйым салынады.
•
Құрғылғы қақпағында орналасқан силиконды
аралық қабаты зақымдалған мультипісіргішті
пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрғақ тағамдардың және сұйықтықтардың
көлемі бойынша ұсыныстарды қатаң сақтаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда тостағанын
суырып алуға болмайды.
•
Мультипісіргіш корпусына және тостағанына
бөгде заттар салуға немесе сақтауға тыйым
салынады.
•
Құрылғыны басқа тұрмыстық аспаптарға
орнатпаңыз.
•
Мультипісіргіш жұмыс істеп тұрғанда үстін
жаппаңыз.
Назар аударыңыз!
Тағамдарды буда дайындаған
кезде тостағандағы сұйықтық деңгейін
қадағалаңыз, қажет кезде тостағанға су құйып
отырыңыз. Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз!
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны тасымалдауға
тыйым салынады. Егер мультипісіргішті
тасымалдау қажет болса, оны электр желісінен
сөндіріңіз, құрылғының салқындауын күтіп,
қақпақты ашыңыз және, термотөзімді асханалық
қолғаптарды қолданып, оны термотөзімді
бетке орнатыңыз, тасымалдауға арналған
тұтқадан ұстап, өнімдер салынған тостағанды
шығарыңыз, оны термотөзімді бетке орнатыңыз.
•
Бу қақпағын тазалықта ұстаңыз, ластанған
жағдайда оны тазартып отырыңыз.
•
Аспапты уақытында тазалап тұрыңыз.
•
Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді
қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
•
8 жасқа дейінгі балаларға құрылғы жұмыс істеп
тұрған кезде құрылғының корпусына, желі
сымын немесе желі сымының айырын ұстауға
рұқсат етпеңіз.
•
Балалар приборды ойыншық ретінде
пайдаланбас үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда жанында 8 жасқа
дейінгі балалар немесе мүмкіндігі шектеулі
тұлғалар болған жағдайда ерекше абай болыңыз.
•
Бұл құрылғы 8 жастан төменгі балалардың
пайдалануына арналмаған.
•
8 жастан үлкен балалар және мүмкіншілігі
шектеулі жандар өздерінің қауіпсіздіктеріне
жауапты адамдардың қадағалауымен ғана және
оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
және оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда орын
алуы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы тиісті
және түсінікті нұсқаулар берілген жағдайда
құрылғыны пайдалана алады.
•
Ақаулардың алдын алу үшін құрылғыны тек
зауыт қаптамасымен ғана тасымалдаңыз.
•
Желілік баудың немесе желілік баудың айыртегінің
бүлінулері болған кезде, сонымен қатар жұмыс
істегенде іркілістер пайда болған кезде немесе
құлағаннан кейін аспапты пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Өздігіңізден
құрылғыны
бөлшектемеңіз,
кез келген ақау шыққан жағдайда, сондай-ақ
құрылғы құлаған жағдайда құрылғыны
розеткадан алып тастаңыз да, байланысу
мекенжайлары бойынша кепілдеме талонында
көрсетілген кез келген авторланған (уәкілетті)
сервистік орталыққа, және www.vitek.ru сайты
на жүгініңіз.
•
Құрылғыны құрақ салқын, балалардың және
мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
ТОСТАҒАНДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ (11)
•
Мультипісіргішті және оның бөлшектерін қатаң
түрде тағайындалымы бойынша қолданыңыз.
Тамақ дайындауға арналған тостағанды
қыздырғыш құралдарға немесе қайнатқыш
беттерге қойып пайдалануға болмайды.
•
Тостағанның
орнына
басқа
ыдыс
пайдаланбаңыз.
•
Қыздырғыш элементтің беті (9) және
тостақтың түбі әрқашан таза әрі құрғақ болуын
қадағалаңыз.
VT-4273_2 var.indd 17
18.08.2016 16:27:31