21
ҚазаҚша
–
Егер таңдалған бағдарлама үшін темпера-
тураны ұстап тұру функциясы қол жетімді болса,
құрылғы автоматты түрде осы функцияны
қосады, белгісі жанады. ал (3) дисплейінде
температураны ұстап тұру тәртібіндегі құрылғы
жұмысының уақыты көрсетіледі. Температураны
ұстап тұру функциясын сөндіру үшін (15)
батырмасын басыңыз,
белгісі сөнеді.
–
(15) батырмасын басып, құрылғыны ұйқы
тәртібіне ауыстырыңыз, дисплейде «- - - -»
белгілері пайда болады. Желілік сым айырын
электрлік розеткадан суырыңыз.
–
Пернені (5) басып, қақпақты (4) ашыңыз. Ас үй
қолғаптарын киіңіз және тұтқасынан (12) ұстай
отырып, тостағанды (11) алыңыз.
Ескерту:
•
Құрылғының дайын тағам температурасын
24 сағат бойы ұстап тұратындығына
қарамастан,
әзірленген
тағамдарды
тостағанда (11) ұзақ уақыт бойы қалдыру
ұсынылмайды, өйткені бұл тағамдардың
бұзылуына себеп болуы мүмкін.
•
Температураны сақтау қызметін тағамдарды
ысыту үшін пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз!
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Күйіп қалмас үшін, мультипісіргіш
қақпағын (4) ашқан кезде аса сақ болыңыз.
Мультипісіргіш қақпағында орналасатын
бу шығатын саңылаулар үстінде
еңкеймеңіз, ашық дене бөліктерін бу
саңылаулары мен ыстық тостаған (11)
үстінде ұстамаңыз!
•
Мультипісіргіштi алғаш пайдаланғанда
қыздыру элементінен бөгде иіс пайда
болуы мүмкін, бұлай борлмауы керек.
•
Пісіру процесінде тағамадардың пісуін
қадағалаңыз, қажет болғанда тағамдарды
пластик ожаумен (18) немесе қалақпен (19)
араластырып тұрыңыз. Тостағанның (11)
күюге қарсы жабынын жырып кетуі мүмкін
металл заттарды қолданбаңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Желілік сым айырын электрлік розеткадан суырып,
құрылғыны суытыңыз.
–
Бу клапанын шешіңіз (6), шешу үшін оны
белгісіне қарай бұраңыз. Бу клапанын жуып,
орнына орнатыңыз және бекітілгенше
белгісіне қарай бұраңыз.
–
Корпус (1) пен қақпақты (4) аздап суланған
шүберекпен сүртіп, кейін құрғақ қылып сүртіңіз.
–
Барлық шешілмелі бөлшектерді бейтарап
жуғыш заты бар жұмсақ ысқышпен жуыңыз,
ағын сумен шайыңыз және құрғатыңыз.
–
Тостағанды (11) ыдыс жуатын машинаға салуға
тыйым салынады.
–
Қыздырғыш элементтің бетін (тек суыған күйде)
жұмсақ құрғақ матамен сүртіңіз, ешбір жағдайда
прибордың корпусының ішіне судың кіріп кетуіне
жол бермеңіз.
–
Құрылғы корпусын, желілік шнурды және желілік
шнурдың ашасын суға немесе кез келген басқа
сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
–
Қажайтын және жегіш жуғыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
–
Құрылғыны сөндіріңіз және оны тазаладуы
жүргізіңіз.
–
Құрылғыны құрғақ, салқын, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖИНАҚТАМАСЫ
Мультипісіргіш – 1 дн.
Тостаған – 1 дн.
Буға пісіруге арналған табақ – 1 дн.
Ожау – 1 дн.
Қалақ – 1 дн.
Өлшеуіш стақан – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Қажет ететін қуаты: 900 Вт
Тостаған көлемі: 5 л
Өндіруші прибордың сипаттарын алдын ала
хабарламай өзгерту құқығына ие болып қалады.
Құрылғының жарамдылық мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
VT-4273_2 var.indd 21
18.08.2016 16:27:32