19
ҚазаҚша
• Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ҮЙДЕ ҒАНА ҚОЛДАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында тасымалдаған
немесе сақтаған кезде оны кемінде үш сағат бөлме
температурасында ұстау керек.
• Құрылғыны ораудан шығарыңыз және құрылғының
жұмыс істеуіне кедергі болатын кез-келген
жапсырмаларды жойыңыз.
• Желілік бауды толық тарқатыңыз.
• Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болғанда
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Іске қосу алдында аспаптың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
• Аспап ұзын шашқа да, қысқа шашқа қолданылуы
мүмкін.
• Аспапты сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйраланбаған шаштарға, немесе арнайы түзететін
заттарсыз пайдаланыңыз.
• Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспап сирек пайдалану ұсынылады.
• Ең жақсы нәтижеге жету үшін шаштар таза және
құрғақ болуы керек.
• Аспапты түзу, тұрақты және термотөзімді бетке
қойыңыз.
• Желілік баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз, іске қосу/сөндіру батырмасын (2) басыңыз
және дисплей (4) іске қосылғанға дейін ұстап тұрыңыз.
• «+/-» батырмаларын (3) басып қылшақ тістерінің (5)
қажетті қызу температурасын белгілеңіз.
• Дисплейде (4) қылшақ тістерінің (5) қызу
температурасы көрсетіледі.
Ескерту:
–
алғашқы пайдаланған кезде қыздырғыш элементтен
иіс пайда болуы мүмкін, бұған жол беріледі.
–
температураның көрсетілуін «Целсий» немесе
«Фаренгейт» градустары арасында өзгерту үшін
«+» пен «-» батырмаларын (3) бір мезгілде басыңыз.
IM VT-8446_70x130.indd 19
17.05.2017 11:47:12